• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2016

25 желтоқсанға арналған ауа райы

119 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет". Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.