• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2016

Атырауда Достық үйі салынады

214 рет
көрсетілді

Атырауда Достық үйі салынады, деп мәлімдеді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылғы соңғы сесиясында. «Қазіргі таңда ғимараттың эскизі дайындалып жатыр. Мен барлықтарыңыздан бұл ғимаратта не болуы қажеттігі жөніндегі ұсыныстарыңызды күтемін. Ол біздің бірлесіп атқаратын жұмыстарымыздың жоспарын талқылайтын, күнделікті жұмыс барысында атқарылатын шараларды ортаға салу үшін жиналатын орын болуы керек. Бұл - хореографиялық зал, шеберханалар, лингафон кабинеттері сияқты этномәдени бірлестіктер үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманға сай ғимарат болады. Егер сіздер оған қандай да бір ұсыныс енгізгілеріңіз келсе, біз оларды қуана қабылдаймыз. Осы ұсыныстар негізінде жоба-сметалық құжаттарды дайындау жұмыстары басталады», - деді Нұрлан Ноғаев. Айта кетейік, Атырау облысында барлығы 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.