• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2016

Әдебиеттанушы Едіге Тұрсынов өмірден өтті

531 рет
көрсетілді

Танымал әдебиеттанушы-фольклорист, филология ғылымдарының докторы Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов өмірден өтті. Бұл туралы мәдениеттанушы Зира Наурызбаева Facebook-тағы парақшасында хабарлады. Мәдениеттанушы марқұмның туған-туыстарына, жақындарына және шәкірттеріне көңіл айта отырып, оны былай деп еске алады: «Біз анда-санда кездесе қалғанымызда ол кісіге өзін қатты құрметтейтінімді, оның шығармашылығын жоғары бағалайтынымды білдіретінмін. Бірақ, бірде-бір рет оны Ұлы адам деп санайтынымды, мен және менің қатарластарым оны ұстаз тұтатынын, оның кітаптарын қолдан-қолға алып оқығанымызды айтып үлгермеген секілдімін». Марқұммен қоштасу рәсімі 26 желтоқсан күні 10.00-де Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтеді. Едіге Дәріғұлұлы Тұрсынов 1942 жылы 10 шілдеде Алматы қаласында туған. 1964 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1964-1966 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Астана мемлекеттік медицина академиясында) оқытушы болған. Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер болған. 1994 жылдан «Ай» журналының әдеби қызметкері болып жұмыс істеді.