• RUB:
    5.04
  • USD:
    487.42
  • EUR:
    531.39
Басты сайтқа өту
25 Желтоқсан, 2016

Нөсербаев "Астанадан" кетті

216 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының 29 жастағы капитаны Таңат Нөсербаев елорданың футбол клубындағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды «Астана» футбол клубының баспасөз  қызметі. Клуб басшылығы Нөсербаевты еркін агент қызметіне босатты. Енді ол 2017 жылғы маусымда басқа клубта ойнайды. «Таңат «Астана» клубының қалыптасып, дамуына айтарлықтай үлес қосты, біздің жеңістеріміз бен жетістіктеріміз үшін бәрін салды. Клубтың капитаны әрі көшбасшысы ретінде Таңаттың рөліне зор баға беруге болады, себебі, Таңат соңғы алты маусым бойы біздің команда үшін ойнады. Дәл осы алты жылдың ішінде біздің клуб Қазақстан чемпиондарының қатарына қосылды. Сондықтан да, Нөсербаевты Қазақстанның ең мықты футболшыларының бірі деп қорықпай айта аламыз. Алайда, Таңаттың отбасыма жақын тұрсам деген тілегін қабылдап, қолда бар келісімшартқа қарамастан, оны жіберіп отырмыз. Таңаттың «Астана» футбол клубына сіңірген еңбегі үшін оны еркін агент ретінде жібердік. Таңатқа біздің командадағы тамаша голдары үшін, ұмытылмас жеңістер үшін, естен кетпес эмоциялар үшін тек қана алғыс айтамыз. Таңатқа ендігі мансабында сәттілік серік болсын дегім келеді. Таңат пен «Астана» арасындағы достық байланыс үзілмейді, Нөсербаевты «Астана» үнемі ыстық ықыласымен қарсы алад», - деді «Астана» футбол клубының бас менеджері Саян Хамитжанов. Айта кетейік, Таңат Нөсербаев - «Астана» футбол клубының тарихындағы ең көп гол салған футболшы. «Астана» командасы үшін 192 ойын өткізіп, 54 гол салған.