ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинге Ту-154 ұшағының құлауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының Сочи қаласы маңында апатқа ұшырауы салдарынан Ресей азаматтарының қаза болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады», делінген хабарламада. Сондай-ақ, онда «Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Ресей халқына көңіл айтты» деп жазылған.