• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Назарбаев пен Путин Түркия президентімен сөйлесті

113 рет
көрсетілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке барған жұмыс сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен Сирия бойынша мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. Әңгіме Ердоғанның бастамасымен телефон арқылы өрбіді. Түркия президенті Ту-154 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Путинге көңіл айтқан соң мемлекет басшылары Сирия туралы мәселелерді талқылады. Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барған болатын. Елбасы онда Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысына қатысады деп күтілуде. Осыған дейін Мемлекет басшысының "Диаконт" компаниясы мен "Биокад" кәсіпорнына барғанын хабарлаған болатынбыз.