• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Осы аптадағы мұнай нарығындағы басты жаңалықтар

165 рет
көрсетілді

Өткен жұмада мұнай фьючерсі сәл қымбаттады. Бұл баға бір жарым жылдық максимумға жақын. Алдағы уақытта трейдерлер қара алтынның құны әлде де қымбаттай түсетінін айтады. Оған себеп барлық мемлекеттердің мұнай өндірісін азайту келісімшартын орындауға дайын екендіктерін мәлімдеуі. Лондон ICE биржасында Брент бағасы жұма күні 0,2 пайыз қымбаттап, барреліне 55,16 долларды құрады. Дегенмен, бір жарым жылдық максимумның 12 желтоқсан күні 57,89 доллар ретінде тіркелгені есімізде. Ал жалпы апта ішінде Брент бағасы 5 цент жоғалтты. Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап ОПЕК+ елдері (ұйымға кіретін және ұйымға кірмейтін экспорттаушы елдер) мұнай өндірісін тәулігіне 1,8 млн баррельге азайтуы тиіс. Дегенмен, нарықта осы келісімшарттың сақталатынына күмәнмен қараушылар да бар. Мәселен, осы мүмкіндікті пайдаланып, АҚШ сланцтық мұнай өндірісін азайтып жіберуі ықтимал. Оған қоса Ливия да келісімшартты сақтамауы мүмкін екені айтылуда. АҚШ аталған келісімге қатыспағандықтан оны сақтауға да міндетті емес, ал Ливия шенеуніктері келер жылдан бастап мұнай өндірісін 27000 баррель ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы орайда айта кетерлігі, Қазақстан да келер жылы ОПЕК келісімін сақтамауы мүмкін, олай дейтініміз, таяуда энергетика министрі Қанат Бозымбаев келер жылғы 20 мың баррель азайту мәселесі тек шартты түрде орындалатынын айтқан болатын. Апта ішінде трейдерлердің саудасы алдағы мерекеге байланысты бәсеңдеп, тиісінше мұнай бағасы да сәл арзандауы мүмкін. Жалпы алдағы аптада төмендегі факторлар мұнай бағасына әсер етеді деп күтілуде. 26 желтоқсанда Рождество мерекесіне байланысты нарық жабылады. 28 желтоқсанда Америкалық мұнай институты апта сайынғы мұнай қоры туралы мәліметімен бөліседі. 29 желтоқсанда АҚШ энергетикалық агенттігі мұнай мен жанармай қоры туралы апта сайынғы мәлімдемесін жасайды. 30 желтоқсан Baker Hughes АҚШ-тағы жұмыс істеп тұрған бұрғылау құрылғылары туралы ақпаратпен бөліседі.