• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

«Астана арландарының» құрамы белгілі болды

196 рет
көрсетілді

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті 7-ші маусымы 2017 жылдың ақпан айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биыл Бүкіләлемдік бокс сериясында командалар орналасқан құрлықтары бойынша төрт-төрттен америкалық, еуропалық және азиялық болып 3 топқа (жобаға барлығы 12 команда қатысады) бөлінді. Екі дүркін чемпион атанған  «Астана арландары» келесі жаңа маусымда жобаға қайта оралған China Dragons (Қытай), Uzbek Tigers (Өзбекстан) және Russian Boxing Team (Ресей) командаларымен бір топта өнер көрсетеді. Енді «Астана арландарының» жаңа құрамы ұлттық құрамамен бірге қаңтар айында Алматыда орналасқан АИБА-ның Бокс академиясында жаттығу жиындарын өткізеді. Сонымен қатар, қаңтарда боксшылармен келісімшарт жасалып, «Астана арландарының» WSB-дың жетінші маусымына тұсаукесері өткізіледі. Команданың негізгі құрамына 10 салмақ дәрежесі бойынша 20 боксшы енеді және 17 боксшы қосалқы құрамды толықтырады. Олар: 49 кг: Теміртас Жүсіпов, Ермек Мадиев; 52 кг: Олжас Сәттібаев, Әнуар Мұзапаров; 56 кг: Ілияс Сүлейменов, Жанболат Қыдырбаев; 60 кг: Зәкір Сафиуллин, Мирасәлі Сәрсенов; 64 кг: Ділмұрат Міжітев, Мақсат Жексенбі; 69 кг: Асланбек Шымбергенов, Қанағат Маралов; 75 кг: Ерік Әлжанов, Сапарбай Айдаров; 81 кг: Нұрдәулет Жарманов, Арман Рысбек; 91 кг: Антон Пинчук, Мұхамеджан Еркін; +91 кг: Олжас Боқаев, Дмитрий Зиско. Айта кетейік, салмақ дәрежелері жылдағыдай С1 және С2 топтарына бөлінеді. С1 тобында: 49 кг, 56 кг, 64 кг, 75 кг және 91 кг салмақ дәрежелеріндегі боксшылар болады. С2 тобына: 52 кг, 60 кг, 69 кг, 81 кг және +91 кг салмақ дәрежелері енеді. Маусым барысында командалар С1 және С2 топтарында кезек-кезек кездесулер өткізетін болады. Арландардың алғашқы кездесуі Ресейде ақпан айының басында өтеді.