• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Әнші Джордж Майкл қайтыс болды

280 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның танымал поп-әншісі Джордж Майкл 53 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ВВС. "Біздің сүйікті ағамыз, досымыз Джордж Рождество қарсаңында қайтыс болды. Оның отбасы осы қиын шақта көпшіліктен сыйластық күтеді. Себебі әзірге біз ешқандай мәлімдеме жасай алмаймыз", деді телеарнаға әншінің жарнама бойынша агенті. Джордж Майкл - танымал әнші. 1963 жылы дүниеге келген. Музыкалық мансабында жүз миллионнан астам ән таспалары сатылған. Ол "Жыл альбомы" аталымы бойынша екі рет Грэмми сыйлығының номинанты болды. Джордж 1981 жылы Эндрю Риджлимен «The Executives» тобын құрды. Кейін екеуі дуэт болып, «Wham!» деген атпен сахнаға шықты. Ал жалғыз ән айта бастағанда алғашқы жинағының өзі 16 миллион таралыммен сатылып кетті. "Биллборд" журналы сол жинақты АҚШ-тағы ең көп сатылған үнтаспа деп бағалаған болатын. Әнші 2007 жылдың 1 қаңтарында бір концерттің өзінен 3 миллион доллар гонорар алған. Бір айта кетерлігі, Джордж Майкл Берлин халықаралық кинофестивалінде көрсетілген өзі туралы деректі фильмнің сценариін жазған.