Қытайда BMW көлік концернінің 193 мыңнан астам көлігі қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты кері қайтарылады, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС.
Көлікті пайдалану барысында газгенератордың бұзылуына байланысты қауіпсіздіктің фронтальді жастықтарының ашылуы кезінде алдыңғы орындықта жүргізуші мен жолаушының жарақат алу қаупі анықталған. Дилердің ақауды жою бағдарламасы Қытайға 2005 жылғы 9 желтоқсаннан 2011 жылғы 23 желтоқсан аралығында тасымалданған 168 мың, сондай-ақ 2005 жылғы шілдеден бастап 2011 жылғы 31 желтоқсан аралығында әкелінген 25 мың көлікті қамтымақ. Барлық жұмыс көлік концернінің есебінен жүргізіледі.