• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Бүгін ЕАЭО-ның Кедендік кодексі қабылданады

144 рет
көрсетілді

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Санкт-Петерборда өтетін отырысында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей басшылары  одақтың екі жылғы жұмысын қорытындылап,  аталмыш ықпалдастық ұйымының одан әрі даму бағыттарын айқындайды, деп жазады ТАСС. Саммиттің басты оқиғасы ЕАЭО-ның Кедендік кодексі туралы шартқа қол қою болғалы отыр. Үш жыл көлемінде әзірленген жаңа кодексте  кедендік операцияларды ақпараттандыруға жаңа тәсілдемелер, қағаз түріндегі құжат айналымын және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың лауазымды тұлғалармен  байланысын азайту мақсатында  бизнес үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың ыңғайлы алгоритмі енгізілгелі отыр. Сондай-ақ одаққа мүше елдердің барлығына арнап кедендік операциялар барынша бірдейлендіріледі. Жаңа құжат күшіне енген соң ЕЭК барлық елдер үшін бірыңғай  баж салығынсыз сауданың жоғарғы өзіндік құнын және  салмақтық шекті айқындамақ. Тараптар өздерінің қалауы бойынша  халықаралық пошта жөнелтілімдері, сондай-ақ экспресс-тасымалдаушылар арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты ұлттық деңгейде бажсыз тасымалдаудың барынша төмен нормаларын бекіте алады. Одақтың мүшелері  жаңа Кедендік кодекс күшіне енген соң, 2018 жылы  ЕАЭО елдеріне шетелдік интернет-дүкендерден бажсыз тасымалдаудың шегі біртіндеп төмендейтіндігіне келісті. ЕАЭО Кедендік кодексі 2017 жылдың  1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп жоспарланған.