Жоспар бойынша, жаңа астанаға 5 млн адам қоныстанбақ. Онда 1000-нан астам мешіт, ақылды қалашықтар, индустриялды аймақ пен әлемдегі ең үлкен бақ болмақ, деп хабарлайды CNN.
Жалпы аумағы 700 шаршы шақырымды алатын қала қазіргі астана Каирдың шығысындағы шөл далаға салынады.
Қала құрылысының бірінші кезеңі алдағы бес жылда тәмам болмақ, осы уақытта әкімшілік ғимараттар мен мемлекет басшысының резиденциясы салынатын болады.
Жалпы, құрылыстың бірінші кезеңіне 45 млрд доллар қажет деп есептелген. Осы соманың 20 млрд долларын Қытайдың China Fortune Land Development Company (CFLD) компаниясы қаржыландырса, тағы 15 млрд долларды Қытайдың мемлекеттік құрылыс компаниясы салатын болып келіскен.
Қазіргі таңда 210 шақырымдық тас жол құрылысы басталып кеткен.