• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Астанада Президент шыршасы өтті (фото)

592 рет
көрсетілді

26 желтоқсан күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан Жаңа жылдық шырша өтті. Шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысты. Жаңа жылдық шараның тақырыбы "ЕХРО жаңа жылдық алауы". Іс-шараға 200 бала қатысты. Оның ішінде 28 - жетім, 79 - ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, 14 - мүмкіндігі шектеулі, 55 - аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, 24 - дарынды бала. Қатысушылардың жасы 9 - дан 13 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Мерекелік бағдарлама аясында мектеп оқушыларының техникалық шығармашылық көрмесі, ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар, жаңажылдық сыйлықтар, тәтті үстел ұйымдастырылды. Шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың видеоқұттықтауы көрсетілді. "Далада қыс. Бірақ үй ішінде жылулық бар. Қалалар мен ауылдар жаңа жылдық шыршалармен безендірілген. Олардың түбінен балалар сыйлық іздейтін болады. Осы күнде ғана емес, басқа күндері де сендердің бір-бірлеріңе көмектесіп, қолдау көрсеткендерің маңызды", деді Президент. "Жаңа жыл - ғажайыптар мен сиқырлар уақыты. Біз үлкен болсақ та, ғажайыпқа сенеміз. Еңбек пен бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік кез келген армандарыңды орындауға септігін тигізеді. Сендер осы мерекеге лайықсыңдар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Рауан Қайдаров, "Егемен Қазақстан". Суреттерді түсірген Ерлан Омаров