• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Астанада мереке күндері 1500 тәртіп сақшысы жұмылдырылады

161 рет
көрсетілді

Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін кезеңде 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында және қаңтардың 7-8-і күндері Астана ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет кестесіне көшіріледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. ҚР ІІМ полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері жалпы саны 1500 адам қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдырылады. Сондай-ақ, мереке күндері автопатрульдер көптеп тартылатын болады. ІІД хабарлауынша, қазіргі уақытта қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін толық шаралар кешені жүргізілуде. Оқиға орнына дер кезінде жету үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатудың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде. Тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу үшін бақылау күшейтілді.