• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Жамбыл облысында күн электр станциясы салынады

467 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында ИИДМБ аясында сағатына 24 МВт қуаттылығындағы күн электр станциясын салу жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігі. Алдын ала мәліметтер бойынша  нысанның   жалпы    құны 9,2 млрд теңгені құрайды. Станция  сағатына  24 МВт  өндіретін  болады. Бүгінде бұл мақсатты жүзеге асыру үшін  74 гектар жер бөлініп, жобалық құжаттар дайындалды. Айта кетейік,  Т.Рысқұлов ауданындағы станцияның құрылысына  50-60 адам тартылады. Жаңа кәсіпорында  тұрақты жұмыспен 22 адам қамтылады. 2017 жылы құрылысты толық аяқтау жоспарланған. «Облыста  9 жаңармалы энергия көзінің нысаны жұмыс істейді.  Оның жалпы қуаттылығы  114 МВт.  2015 жылы телекөпір барысында  Орталық Азиядағы ірі күн электр станциясы  іске қосылды. Оның   қуаттылығы  50 МВт, құны  23,2 млрд теңгені құрайды», - деп хабарлады әкімдік.