• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілуде

776 рет
көрсетілді

Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері №2 Ғафу Қайырбеков атындағы мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды елорда әкімдігі. Кездесудің мақсаты - ең қажетті мамандықтар жайлы айтып беру және оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету. Дәл осы күні оқушылар пилоттық режимде кәсіптік бағдарлау тестін өтті. «Болашақта жұмыссыздар қатарында болып қалмас үшін қазірден бастап болашақ мамандықты таңдауда барлық жауапкершілікпен және асығыстық танытпай мұқиат кірісу керек. Бүгінгі күнде бізде Астана қаласында жоғары технология саласындағы, инженериядағы, мамандар, әлеуметік салада. Атап айтқанда денсаулық сақтау, білім беру сияқты салаларда және де қызмет көрсету саласында білікті және білімді мамандар өте қажет»,- деді Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Олжас Омар. Осыған ұқсас жұмыстарды келесі жылы Астана қаласының барлық жалпы білім беру мекемелерінің түлектері арасында өткізу жоспарлануда.