• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Елордада жаңажылдық шырша өтті

147 рет
көрсетілді

«ЭКСПО жаңажылдық шамдары» атауымен елорданың Оқушылар сарайында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан балалардың шырша тойы өтті. Жаңажылдық шыршаға 200-ге жуық бала қатысты, соның ішінде, 9-13 жас аралығындағы ата-ана қамқорлығынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, дарынды оқушылар бар. 27 желтоқсанда сағат 11:00-де Оқушылар сарайында Астана әкімінің атынан жаңажылдық шырша өтеді. Шараға ата-ананың қамқорлығынан айырылған, мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, дарынды оқушылар, барлығы 300-ге жуық бүлдіршін қатысады. Бүгінгі күні Астанада жетім қалған және ата-ананың қамқорлығынан айырылған 989 бала бар, 590 бала қамқорлыққа алынған, 72-сі патронаттық тәрбие алуда. Ал жетім балаларға арналған мекемелерде 327 бала тұрып жатыр.