• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Астанада 5 мың адам жұмысқа орналастырылды

193 рет
көрсетілді

Қалалық мәслихатта қоғамдық тыңдау өтіп, онда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде елордада жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша жұмыстың нәтижелері қаралды. Осы жылы бағдарламаны іске асыру қорытындыларын қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы Артем Әбілдинов баяндады. Оның айтуынша, 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы екі бағыт бойынша іске асырылуда: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамту» және «Оқыту арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу және жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде көшіру». «Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 3 млрд 559,1 млн теңгені құрайды. Соның ішінде, республикалық бюджет есебінен – 3 млрд 46,7 млн теңге және жергілікті бюджеттен – 512,4 млн теңге. Игеру – 95%», – деді А. Әбілдинов. Қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарламаның 4926 қатысушысы жұмысқа орналастырылды, соның ішінде 3554-і  тұрақты жұмысқа, 661-і  жастар тәжірибесіне, инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде - 590, әлеуметтік жұмыс орындарына 121 адам орналастырылды.