• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Депутаттар өңірлерде «Нұрлы жер» бағдарламасын түсіндіреді

233 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметі «Нұрлы жер» бағдарламасын және өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын бекітті, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлмира Исимбаева Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы Фракциясының кеңейтілген жиналысында. «Мемлекет басшысы өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырма берді. Қажетті қаржылық қамтамасыз ету бар, бюджетте қаражат қарастырылды, бағдарламалар әзірленді. 23 желтоқсанда Үкімет өз отырысында бекітті», - деді Г. Исимбаева. Фракция отырысына құжаттардың мәнін түсіндіру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері қатысты. «Біз бүгін депутаттарға осы бағдарламалардың мәні туралы түсіндіру үшін екі министрлікті де шақырып отырмыз, себебі олардың екеуі де халық үшін аса маңызды, тұрғын үйді қамтамасыз етумен және жұмыс орындарын ұсынумен байланысты. Және біз 4 қаңтардан бастап өңірлерге шығамыз, осы бағдарламалар бойынша ақпарат біз үшін де, бізді сайлаушылар үшін де пайдалы болады деп сенеміз», - деп қосты Г. Исимбаева.