Жаңа жыл қарсаңында жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған «Алматы-Арыс» қатынасымен қосымша №161/162 жүрдек пойызын енгізеді. Пойыз Алматы стансасынан 2016 жылғы 28 желтоқсанда, Арыс стансасынан 29 желтоқсанда шығады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Еске салсақ, бұдан бұрын мереке күндері мынадай қосымша пойыздар жүретін болған: Астанадан 29 желтоқсанда, ал Шымкенттен 30 желтоқсанда №152/151 Астана-Шымкент; Алматыдан 28 желтоқсанда, Көкшетаудан 30 желтоқсанда № 153/154 Алматы-2-Көкшетау, Алматыдан 29 желтоқсанда, Арыстан 30 желтоқсанда № 155/156 Алматы-Арыс, Қарағандыдан 29 желтоқсанда, Жезқазғаннан 30 желтоқсанда № 504/503 Қарағанды-Жезқазған, Алматыдан 2017 жылғы 2 қаңтарда, Новосібірден 2017 жылғы 4 қаңтарда № 301/302 Алматы-Новосібір пойыздары қатынайды.