• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
26 Желтоқсан, 2016

Назарбаев дағдарысқа қарсы кеңес құруды ұсынды

158 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтағы бірқатар ішкі проблемаларды атап, бірлестік аясында дағдарысқа қарсы кеңес құруды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости. "Осы мәселелерді зерттеу үшін дағдарысқа қарсы кеңес құру керек, оған әлемдік деңгейдегі, өзіміздің сарапшыларды тартамыз. Кеңес комиссия құрылымында стратегиямызға қарамастан, қазіргі жалпы бюрократияның аясында ерекше болуы тиіс", - деді Назарбаев Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында. Назарбаев кеңестің жұмысы терең сараптамаға, ұсыныстарды даярлауға және проблемаларды оңтайлы шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті. "Күрделі экономикалық жағдайларда бір-бірімізге көмекке келу жолдарын білуіміз керек. Сондықтан осы мәселелерді қарастыратын орган керек", - деді Қазақстан Президенті. Оның айтуынша, экономикалық қарым-қатынасқа одақтың ішкі мәселелерінің шешілмеуі әсер етеді. "Оған өзара сауда, әрбір елдің қосымша талаптары мен шектеулері, тауар транзитіндегі қиындықтар, нарыққа кіру кезіндегі қамтамасыз етілетін төлемдер, жергілікті билік тарапынан болатын кедергілер және тағы да басқалар кіреді", - деп түсіндірді Назарбаев. "Бұл проблемалардың әрдайым болатынын және болғанын түсінеміз, олар уақытша, бастапқы кезеңде әрбір интеграциялық процессте болатын жағдайлар. Соған қарағанда, елдердің билігі мен бизнесі бірігіп жұмыс істеуі үшін қажетті тәжірибеге, бір-біріне үйренісуге уақыт керек шығар, бірақ оның тезірек болғаны дұрыс", - деп мәлімдеді Назарбаев.