• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Қоғамдық кеңес жылды қорытындылады

265 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының офисінде «ЭКСПО-2017» қоғамдық кеңесінің 2016 жылды қорытындылауға байланысты отырысы болып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің және шақырылған сарапшылардың алдында акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов хабарлама жасады. Ол 2016 жылы компанияның қол жеткізген негізгі жетістіктерін тілге тиек етті. – Біз сіздермен осы жылдың қаңтар айында қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында кездескен едік. Содан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл жыл қауырт жұмыстарға толы әрі нәтижелі болды. Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көрме қалашығында болып, ЭКСПО қалашығы аумағындағы ескерткіш стелланы салтанатты жағ­дай­да ашып, атқарылған жұмысқа оң баға берді. Осы орайда, құрылысқа қатысты сөз қозғайтын болсақ, біз бүкіл жұмысты заңды негізге қойдық. Ең алдымен, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледік және мемлекеттік сараптама алдық. Жұмыс барысында біз қомақты қаржы үнемдедік. Оны ЭКСПО қала­шы­ғының барлық нысандары бойынша қорытынды сараптама алған кезде дәлірек айтатын боламыз, – деді Ахметжан Есімов. Төрағаның айтуы бойынша, бүгін­де халықаралық павильондардың құ­рылысы толық аяқталған. Енді оларды қатысушы мемлекеттерге беру және бұл павильондарды контенттік то­лықтыру жұмыстары басталған. Бүгін­гі күнге дейін көрмеге қатысушы 8 мем­лекет, атап айтқанда, Беларусь, Венгрия, Германия, Қытай, Ресей, Сингапур, Түркия және Франция мем­ле­­­кет­­тері өздерінің павильондарын жа­рақ­­­тандыруға кіріскен. Жаңа жылдан кей­ін бұл жұмыс қауырт қарқын алғалы тұр. Сонымен бірге, қатысушылардың қыз­­меткерлеріне тұрғын үйлерді бөлу мә­­селесі де қызу жүргізілуде. Осы уа­қыт­­қа дейін көрме комиссарларынан 324 сұра­ныс келіп түскен. Пәтерлер қа­­тысушы елдердің қызметкерлеріне жал­ға беріледі. ЭКСПО-2017 көрмесі аяқ­талғаннан кейін бұл пәтерлер қаза­қ­­стандықтарға сатылатын бо­лады. Сөй­тіп, елордамыздың тұрғын үй қоры тағы да заманауи 4 400 қолайлы пәтер­лер­мен толығады. Ахметжан Есімов атап көр­сет­кен­дей, ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырылған көрмесі бұл дағдарысқа қарсы іс-қимыл жобасы болып табылады. Әлемдік экономикалық және қаржы дағда­ры­сы­ белең алған кезеңде отандық тауар өн­ді­ру­шілерге қолдау көрсету мақсатында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында еліміздің бар­лық облыстарының әкімдерімен меморандум­дар жасалды. Осының нәтижесінде 322 отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 48,9 миллиард теңгенің келісімшарттары бекітілді. Бұл жоба Қазақстанда 50 мың жұмыс орнын құрып, экономикалық дағдарыс кезеңінде жұмыссыздықтың белең алмауын қамтамасыз етті. Соны­мен бірге, ЭКСПО көрмесі ұлттық жобасына 126 миллион демеу­шілік қаржы және 211 миллиард теңге инвестиция тартылған. Қоғамдық кеңестің жыл қорытын­ды­­сына арналған отырысында кеңес тө­ра­ғасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия­ уни­вер­си­тетінің ректоры Ерлан Сы­дықов сөз алып, 2017 жылы универ­ситет базасында көрмені өткізуге белсенді қатысатын гидтер мен саяхат жүргізушілерді даярлау бойынша орталық құру идеясын ұсынды. Соны­мен бірге, ол халықаралық көр­ме шеңберінде ішкі туризмді дамыту мақсатында «Астана – Байқоңыр – Астана» және «Алматы – Байқоңыр – Алматы» тікелей әуе бағыттарын ашу ж­ә­не шетелдік туристердің кешенге кі­руг­е рұқсат алу мерзімін 45 күннен 14 күнге дейін қысқарту туралы мәселе көтеріп, ұсыныс айтты. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ЭКСПО-2017 қоғамдық кеңесінің ал­ғашқы оты­рысы 2016 жылдың 26 қаң­т­арында өткен болатын. Содан бергі мер­зімде қоғамдық кеңес консуль­та­тивтік кеңесші орган ретінде 50 бағалы ке­піл­демелер мен ұсыныстар берген осы отырыс барысында да қоғамдық кеңес еліміздің мемлекеттік органдарына маңызды 10 ұсыныс пікір жолдады. Бұл ұсыныстардың ішінде, еліміздің туристік объектілері мен демалыс ай­мақ­­тарының бағыттарындағы жол бойы­н­да инфрақұрылымды жақсарту, «Байқоңыр» ғарыш айлағында туризмді да­­мыту жөніндегі бағдарламаны бекіту, БҰҰ-ның қамқорлығымен Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы базасында жаңа өсіп келе жат­қан компанияларды қаржыландыру үшін сыртқы инвестицияларды тарту мүмкіндігін қарастыру және басқа өзекті мәселелер бар. Отырыс қорытындысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне жыл ішінде жұмысқа белсенді қатысқандары үшін шынайы алғысын білдіріп, келе жатқан жаңа жылда сәттілік пен табыс тіледі. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»