• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған абзал

196 рет
көрсетілді

Статистикаға сәйкес, Қазақстанда өрттің 68 пайызы тұрғын үй аудандарында болады, ал жаңа жыл қарсаңында бұл көрсеткіш 82-85 пайызға дейін артады. Орталық коммуникациялар қызметінде «Пиротехниканы пайдалану кезіндегі сақтық және қауіпсіздік техникасын сақтау шаралары» тақырыбында өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов осындай деректер келтіріп өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік өртке қарсы қызмет инспекторлары адамдар көп баратын жаңажылдық іс-шаралар өткізілуі мүмкін жерлерде қызметкерлер құрамы үшін өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы нұсқаулар жүргізеді. Жаңажылдық мереке өтетін әкімшілік нысандарға ерекше жауапкершілік жүктелді. «Мұндай тұтанулардың басым көпшілігі тұрғын үй секторын­да болатынын атап өту қажет. Бұл – мем­­лекеттік өрт бақылау тұрғы­сынан реттелмейтін сала. Статистика бойын­ша, Қазақстанда өрттің 68 пайызы тұр­ғын үй аудандарында болады, ал жаңа жыл қарсаңында бұл көрсеткіш 82-85 пайызға дейін артады», – деп атап өтті Р.Иманқұлов. Сонымен қатар, ол петардалар, от шашулар, бенгал оттарын сатып алу кезінде, оларды қолдануда сақ болу қажеттігіне назар аударды. «Ең алдымен, өнімнің сер­ти­фи­катталғанын біліңіз, пиро­тех­ни­каны пайдалану қағидаларымен мін­детті түрде танысыңыз. Олардың сақ­талу және қолдану мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыз. Пиро­тех­никаны қолдану кезінде шылым шегуге мүлдем тыйым салынады. Ракеталарды автомобиль тұ­рақ­­та­рының маңайында ұшыруға болмай­ды. 100 метрлік радиуста өрт қауп­і бар нысандар болмауға тиіс. Кө­рер­мендер от шашуды жіберетін аумақ­тан 35-50 метр қашықтықта, жел­сіз жағында тұруы қажет», – деді тө­тен­ше жағдайлар комитетінің ресми өкілі. Өз кезегінде Ішкі істер мини­с­трлі­гі әкімшілік полиция коми­теті­нің өкілі Марат Отыншин пиро­тех­н­икаларды арнайы рұқсат етілген дүкен­дерден сатып алуға кеңес бер­ді. Және ол 2016 жылғы 12 жел­тоқ­сан мен 2017 жылғы 5 қаңтар ара­­лығында «Пиротехника» атты же­дел-профилактикалық іс-шара жүргі­зіліп жатқанын мәлімдеді. «Іс-шара рұқсат етілмеген, сондай-ақ, рұқсат беру құжаттары жоқ пи­ро­техникалық бұйымдарды сату факті­ле­рін анықтауға бағытталған, адамдар жаппай жиналатын орындарды тексеруге ерекше көңіл бөлінеді», – деп атап өтті М.Отыншин. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»