• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты - Энергетика министрлігі

167 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қажеттіліктері үшін арзандатылған жанар жағармайды жеткізу бойынша міндеттелері толық орындалды. Бұл туралы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады. "Көктемгі-егіс жұмыстарына 322,2 мың тонна және күзгі дала жұмыстарына 364,5 мың тонна тиелді," - деді Энергетика министрі . Қ.Бозымбаев айтып өткендей, ағымдағы жылдың 26 желтоқсандағы жағдай бойынша мұнай базаларындағы қордың көлемі: Аи-92/93 бензині 112,2 мың тонна, дизель отыны 170 мың тоннаны құрайды. "Жалпы, мұнай өнімдері нарығында ахуал тұрақты және жанармай тапшылығы байқалмайды," - деді Қ.Бозымбаев. Сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы бағасы 2017 жылдың І тоқсанына 1 тонна үшін 28 мың теңге көлемінде бекітілді. Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»