• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Сағынтаев мереке кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды

163 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрлігіне күшейтілген қызмет режіміне көшіп, мерекелік шаралар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. «Ішкі істер министрлігі бүгінгі күннен бастап күшейтілген жұмыс тәртібіне көшсін. Сонымен қатар жаңажылдық шаралар өткізілетін жерлерге мониторинг жүргізу қажет, оның ішінде өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіп назарға алынуы тиіс. Облыс әкімдері, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ІІМ-імен бірлесіп ауа-райы жағдайын ескеріп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын-ала шараларды уақытылы қабылдауды тапсырамын», - деді Б.Сағынтаев. Сонымен қатар Премьер-Министр барлық мемлекеттік органдарда оперативті кезекшілерді белгілеуді тапсырды. «Қажеттілікке сай барлық қызметтің нақты әрі тиімді жұмысы ұйымдастырылуы тиіс, Асқар Ұзақбайұлы (Премьер-Министрдің бірінші орынбасары) бақылауға алуы тиіс», - деп атап өтті Б.Сағынтаев. Арнұр АСҚАРОВ, "Егемен Қазақстан