2016 жылғы қарашада халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын сатып алу көлемі 397,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылғы қарашадағы деңгейден сәл жоғары (11%-ға), алайда алдыңғы 5 жылдың тиісті айларының мәндерінен айтарлықтай төмен (2010-2014 жылдардағы қарашада орташа алғанда 1,2 млрд. АҚШ доллары), деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
2016 жылғы 11 айда халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы - 1,0 млрд. АҚШ доллары 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы мөлшерден 6,8 есе төмен болды, бұл 15 жылдағы ең төмен көрсеткіш болып табылады. Халықтың АҚШ долларын жалпы сатып алу көлемі 2015 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда екі еседей төмендеген.