• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Желтоқсан, 2016

Қазинвестбанк лицензиясынан айырылып қалды

159 рет
көрсетілді

«Қазинвестбанк» АҚ банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырылды, деп хабарлайды Ұлттық банк. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 291 қаулысына сәйкес «Қазинвестбанк» АҚ-ты (бұдан әрі – Банк) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-бабы 1-тармағының в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамағаны үшін Банкке Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген 2008 жылғы 21 наурыздағы № 221 лицензиядан 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап айыру туралы шешім қабылданды. Банк секторының жиынтық активтері мен міндеттемелеріндегі Банктің активтері мен міндеттемелері үлесінің төмен болуына байланысты (0,7%) Банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдары үшін тәуекелдерге әкелмейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банкті басқарудың барлық органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заңнамада белгіленген тәртіппен Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа өтініш жасайды. Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап банкті ұстап тұруға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың Банкке талаптары тек тарату өндірісінде ғана ұсынылуы мүмкін. Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, осыған орай депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемі төленетін болады. Уақытша әкімшілік қызметінің барлық мәселелері бойынша Уақытша әкімшілік басшысы – Д.М. Зинуллинаға не Басшысының орынбасары А.Л. Отцоваға +77012224736 телефоны бойынша өтініш жасау қажет. Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 330 00 77 «жедел желі» телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.