• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Тәуелсіздік – баршамыз үшін ортақ табыс

234 рет
көрсетілді

«ҚазТрансОйл» АҚ өзінің өндірістік жетістіктерімен ел Тәуелсіздігінің нығая түсуіне өзіндік салмақты үлесін қосуда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өте отырып, магистралды  мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» АҚ та өз қызметінің қорытындысын шығаруда. Мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа құбыр көлігімен тасымалдау арқылы компания еліміздің дамуына қомақты үлес қосуда.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Қазақстанда айтарлықтай ірі жетістіктер жүзеге асырылуда. Солардың бірі – соңғы 40 жылда ашылған ірі кен орын­дары­ның бірегейі Қашағандағы коммер­ция­лық мұнай өндірісінің басталуы. Қашаған кен орнын іске қосу салтанаты ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Атырауда аймақтық телекөпір аясында Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаевтың қа­ты­суы­­мен өтті. Сондай-ақ, аймақтық тел­е­көпір барысында Мемлекет басшысына таныстырылған тағы бір нысан – «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Аты­рау мұнай құбыры басқармасының жаң­ғырту­дан өткен «663 км» МАС болды. «663 км» МАС-ты қайта қалпына келтіру және кеңейту жұмыстары Қазақ­стан – Қытай мұнай құбырлары құры­лысы жобасының екінші кезеңіндегі екін­ші кезегі аясында жүзеге асырылды. Бұл түрлі жүк жөнелтушілердің, сол секілді Қашаған мұнайын Қытай Халық Рес­публикасы бағытында тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, Батыс Қазақстан мұнайын отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мақ­сатында қолға алынған іс. «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі – Қытайға экс­портқа мұнай тасымалдау болып табылады. Қазақстан – Қытай мұнай құбыр­­лары жүйесі құрылысы бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыру аясында алғаш салынған Атасу – Алашаңқай экспорттық мұнай құбырының іске қосыл­ғанына 2016 жылы 10 жыл толды. 2005 жылы желтоқсан айында Қазақ­­стан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік дәрежедегі алғашқы экспорттық мұнай құбырын іске қосты. Бұл мұнай құбырының Қазақстан мұнайын тасымалдауда көпбағыттылық қағидатты қамтамасыз ету стратегиясын жүзеге асыра отырып, болашағы зор Қытай нарығына тікелей жол ашатын ТМД кеңістігіндегі алғашқы экспорттық құбыр желісі болғанын атап айту керек. Мұнай құбыры іске қосылғаннан кейін қазақстандық мұнай экспортының жаңа құбыр бағыты ашылды, қолда бар мұнай құбыры жүйесі толтырылды, еліміздің транзиттік әлеуеті пайдаланылып, жаңа жұмыс орындары ашылып, мемлекеттік бюджетке қосымша салық түсе бастады.  

Өткен жылға өкпе жоқ

Қазақстан – Қытай магистралды мұнай құбырлары жүйесін дамыту бүгінгі күні де екі ел арасындағы мұнай-газ саласын­дағы қарым-қаты­на­стың маңызды факторы болып табылады. Бұл тұрғыда ұзын­дығы 965 шақырымнан астам Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры осы ірі әрі стратегиялық маңызы зор жобаны жүзеге асыру­дағы алғашқы кезең болды. Жоба «ҚазТрансОйл» АҚ және CNODC мұнай мен газды барлау және өңдеу бо­йынша Қытай ұлттық корпорациясы ара­сында құрылған «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС бірге бақыланатын ұйымы тарапынан жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қазақстан – Қытай магистралды мұнай құбырлары жүйесінің құрылысын әрі қарай жүзеге асыру жобасының бір бөлігі болып табылатын Атасу – Алашаңқай еліміздегі энер­гетикалық қауіпсіздік мәсе­лесін шешуге де бағытталған. Яғни Пав­лодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын шикізатпен қамтамасыз етеді. 2013 жылғы желтоқсан айында Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры әлеуетін әрі қарай дамыту және жүзеге асыру мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Роснефть» ҰК» ААҚ арасында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылына 7 миллион тонна мұнай тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт мерзімі – 5 жыл, оны автоматты түрде қосымша тағы 5 жылға созу мүмкіндігі бар. Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры­ның қарқынды дамуы Қазақстанның мұнай тасымалдау жүйесінің көпбағыт­ты жүйесін іске асырумен қатар, қатаң бәсекелестік жағдайында стратегия­лық шикізатты өткізудің сенімді арна­сын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2006 жылы Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры пайдалануға берілген уақыттан бастап 2016 жылдың желтоқсанына дейін мұнай құбыры арқылы Қытайға 96 миллион тоннадан астам мұнай тасымалданды. Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры­ның құрылысы мен қолданысқа берілуі ай­мақтардың әлеуметтік дамуына ай­тар­лықтай әсер етті. 2006 жылы Атасу – Алашаңқай мұнай құбыры бөлі­гін пайдалану, техникалық қызмет көр­сету және жөндеу жұмыстары бойын­ша операторлық қызмет көрсету мақ­сатын­да Үшаралда Үшарал мұнай құбыры басқармасы құрылды (қазіргі атауы – «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Операторлық қызметтер басқар­масы. Авт. ескертуі). Жаңа жұмыс орын­дарының ашылуымен қатар Үшарал­да 2010 жылы Үшарал мұнай құбыры басқармасы қызметкерлері үшін инфрақұрылым мен коммуникациялық желісі қарастырылған, абаттандырылған тұрғын үйлер тұрғызылды. Кейін «ҚазТрансОйл» АҚ демеушілігімен осы қалада екі спорт алаңы салынды. Стратегиялық және көлемді халық­аралық жобаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облысы Атасу кенті де жаңаша дамуды бетке алды. 2012 жылы компания Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылын­да 170 балаға арнал­ған заманауи балабақша құрылысын қаржыландырып, сыйға тартты. Бұны компанияның өз қызметкерлеріне деген қамқорлығы деп бағалаған абзал. Өйткені, ауылдан жеті шақырым қашықтықта орналасқан «Атасу» бас мұнай айдау стансасында еңбек ететін жұмысшылар негізін жергілікті тұрғындар құрайды. Компания халықаралық сапа, экология мен қауіпсіздік стандартын басымдыққа алумен қатар, айқын әлеуметтік саясатты да ұстанады. Ол саясат мынаған саяды: өзіңнің өндірістік мүддеңді ғана ескермей, тұрғындарға қайырымдылық және демеу­шілік көмек көрсетіп, аймақтың қа­жет­тілігін де өтеген жөн. 19 жыл қыз­мет барысында «ҚазТрансОйл» АҚ еліміз бойынша әлеуметтік маңызы бар көп­теген нысандарды салды, олар – бала­бақ­шалар, мектептер, медициналық меке­ме­лер, спорт кешендері және т.б. Үсті­міз­дегі жылдың қыркүйек айында ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың демеушілік қаржысына жаңа балабақша салынып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мектепке дейінгі бұл мекеме облыстағы жер көлемі бойынша ең үлкен ауданда тұратын жас отбасылар үшін таптырмас көмек болды. Қазіргі экономика үшін қиын кезеңде де еліміздің мұнай құбыры жүйесі тұрақты жұмыс жасауда – белгіленген жоспарлар орындалуда, ал жаңа жобалар белгіленген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуда. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досановтың айтуынша, компания экономикадағы өзгерістерді мұқият қадағалауда және бұл саланың тұрақты жұмыс жасауын жайлы жағдайдағы уақытта ғана емес, үнемі өзгермелі жағдайда да қамтамасыз етуге әзір. «Біз белгіленген жоспарды орын­дауға ұмтыламыз, бірақ сыртқы тәуе­кел ұлғая бастаған кезде, жағдайдың ал­дын ала отырып жұмыс істеуге де әзірміз», – дейді Димаш Досанов. Осылайша, 2016 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша, мұнай тасымалы­ның шоғырландырылған көлемі 42,4 миллион тоннаны құрады. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 1%-ға жоғары. Сол секіл­ді «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магис­трал­ды мұнай құбырлары бойынша шо­ғыр­­ландырылған жүк айналымы 2016 жыл­дың 9 айы ішінде шақырымына 32,5 миллиард тоннаны құрады, бұл – жоспардан 2%-ға жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры арқылы Волга суын Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарына жеткізеді. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айында су жеткізу көлемі 19,2 миллион текше метрді құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға көп және жоспардан 8%-ға артық. Қаржылық көрсеткіштерге де көңіл тоқ. Биылғы жылдың 9 айы ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғыр­лан­дырылған таза кірісі 43,02 миллиард теңгені құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11%-ға жо­ғары. Аталмыш кезеңдегі компанияның шоғырландырылған түсімі 154,4 миллиард теңгені құрады, бұл 2015 жылғы 9 ай уақыт ішіндегі түсімнен 2%-ға кем. Мұнай тасымалы көлемі қысқа­рып, түсімнің азаюына қарамастан, компания өндірістегі жұмысшыларға жалақыны индекстеу мүмкіндіктерін із­дестірді. Осылайша, «ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмысшыларының және олардың отбасыларының қосымша әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуде, сатып алу қабілеті мен тұтынушылық сұраныс­ты қолдауда. Бұл – еліміздегі эконо­ми­ка­лық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіш­тері. Және компания еліміз­дің ірі салық төлеушісі болып отыр, ол еліміздің бюд­жетіне тұрақты салық мөлшерін жіберуде, яғни салық төлеуші ретіндегі мін­детін адалдықпен атқару­да. Мұндай жұмыс ескерусіз қалма­ды: биылғы жылы қараша айында Қазақ­стан Республикасы Қаржы министр­лігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жыл нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ты Астана­ның ең үздік салық төлеушісі ретінде атап өтті. 2015 жыл нәтижесі бойын­­ша, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мем­ле­кет­тік бюд­жетке төлеген салық мөлшері мен бас­қа да міндетті төлемдер көлемі 29,2 мил­­лиард теңгені құрады.  

Тиімділікті арттыру

Құрылғанына 20 жыл толатын мерейтой қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің жоғары деңгейін көрсетуде. Өйткені, компания өз қызметінің тиім­ді­лігін арттырып, шығындарды оңтай­лан­дыру мәселесіне көп көңіл бөледі. Осы жұмыс аясында 2015 жылы компанияда тиімділікті арттыру бо­йынша 2,3 миллиард теңгеге бағаланған іс-шаралар жүзеге асырылды. 2013-2015 жылдары бұл көрсеткіш 7,7 миллиард теңгені құрады. Тиімділікті ұл­ғайту үшін резервтер әр түрлі саладан қарас­тырылады. Мәселен, желілік мұнай құбыр­­ларын шолғындау сағаттарын азай­ту, техникалық инновацияларды енгізу, резервті автоматты түрде қосып, жыл­дам әсер ететін құрылғы мен жиі­лік-реттелмелі тартпа енгізу арқылы ай­тар­лықтай үнемдеу жоспарлануда. Бұл өзгерістердің «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері «оңтайландыруды қа­жет етпейді» деп атайтын бірқатар ба­ғыт­­тарға әсері болмады. Бұлар – ең­бек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қор­ғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі. Ком­­па­ния қызметінің бұл бағыттары аса ма­ңыз­­ды саналады. Өйткені, бұл мәселе­лер­­ге немқұрайды қарайтын компания жұ­мы­сын табысты болады деп айту қиын. Қоршаған ортаға жүктемені үнемі төмендетіп отыру – «ҚазТрансОйл» АҚ үшін негізгі стратегиялық міндет. Бұған, ең алдымен, құбыр желісі жүйесінің апат­сыз жұмыс істеуі көмегімен қол жет­кізілді, ал табиғатты қорғаудың барлық қызметі халықаралық стандарт талаптарына сай жүргізіледі. Бұл саладағы жұмысты жүйелендіру мақсатында компанияда кешенді экологиялық бағдарлама дайын­далған. Мұнай кен орындарын дайын­даудың бастапқы кезеңінде және мұнай тасымалы жүйесін жолға қой­ған кезде пайда болатын «тарихи» ластанудың көзін жоюға айтарлықтай көңіл бөлінеді. Өндірістік қызметтің қор­шаған ортаға әсер ету деңгейін анық­тау үшін мамандандырылған ұйым­дар «ҚазТрансОйл» АҚ нысандары маң­а­йын­дағы ауаның, топырақтың, жер асты суларының мониторингін өткізеді. Зерттеу нәтижелері компанияның өндірістік нысандарынан қоршаған ортаға ешқандай жағымсыз әсер болмайтынын растайды. Қазір компанияда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында «Алтын ережелер» деп аталатын «ҚазТрансОйл» АҚ Кодексі дайындалып жатыр. Бұл – жұмысты орындау барысындағы қауіп­сіздікті сақтау талаптары. Олар компа­ния­ның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қор­ғау саясатын жүзеге асыруға, Қазақ­стан Республикасы заңнамасы мен халық­ара­лық стандарттар талаптарын орын­дауға жағдай жасайды. Бұл кодекс «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тың Алтын ереже­лері», Қазақстан Республикасы заң­на­масы, компанияның нормативтік акті­лері, алдыңғы қатарлы мұнай-газ ком­па­ния­ларының еңбек қауіпсіздігі мен еңбек­ті қорғау саласындағы халықаралық озық тәжірибелері, сондай-ақ бұрын бол­ған жазатайым жағдайлар, келеңсіз оқиға­лар және апаттар жөніндегі ресми ақпарат­тарды сараптау негізінде дайындалды. – Қызметкерлеріміздің қауіпсіз­дігі әрдайым жұмысымыздың басты артық­шылығы болып келді және бола бермек. Біз өз қызметкерлерімізге еңбек етуде жайлы жағдай жасап бердік, қауіп­ті өндірістік және таби­ғи фактор­лар­дың жағымсыз әсерін төмен­детуге бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізу­деміз, – деп атап өтті Димаш Досанов. Және бұл қызмет нәтижелері көзге көрініп тұр. Биыл қазан айында өткен «ҚазТрансОйл» АҚ менеджментінің біріктірілген жүйесінің инспекциялық аудиті нәтижесі бойынша, SGS компаниясы органы осы компания қызметінің төмендегі халықаралық стандарт талаптарына сай келетінін растады: ISO 9001:2015 сапа менеджменті жүйесі, ISO 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйесі, OHSAS 18001:2015 денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі және ISO 50001:2011 энергетикалық менеджмент жүйесі.  

Жаңа жобалар игілікке бастайды

Экспорттық мүмкіндікті дамытумен қатар, «ҚазТрансОйл» АҚ-та ішкі мұнай құбыры желілерін дамыту да маңызды міндет болып саналады. Бұл үшін компания өзінің өндірістік нысандарының сенімділігін жоғарылату мақсатында оған қаржы құяды. Құбыр желісі инфрақұрылымын жаң­­ғырту бойынша ірі жобалардың ішін­де Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау және Өзен – Жетібай – Ақтау магистрал­ды мұнай құбырларын қалпына келтіру жұмыс­тары бар. Соңғысын қайта жөндеу аяқ­талды, ол қолданысқа енгізілді. Келе­сі жоба 2019 жылы бастау алады. Орын­далған жұмыстардың нәтижесінде Бозащы мұнайын Ақтаудан Атырау бағы­тына үздіксіз тасымалдау үшін Қазақ­стан мұнай құбыры жүйесінің сенім­ді­лігі мен қауіпсіздік деңгейі арттырылады. «ҚазТрансОйл» АҚ мемлекеттік және несиелік қаржыларды пайдаланбай, бар­лық жобаларды өз қаражатымен қар­жыландырып отыр. Жақында компания Туймазы – Омбы – Новосібір-2 (ТОН-2) магистралды құбыр желісінің Қазақстанға тиесілі телімінің желілік бөлігін ауыстыру бойынша көлемді жобаны аяқтады. ТОН-2 құбыр желісінің күрделі жөндеу жұмыстары соңғы үш жыл бойы жүргізілді. Бұл қазақстандық құбыр желісінің телімі бойынша мұнай тасымалы сенімділігін қамтамасыз ету үшін, соның ішінде, отандық мұнайды Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізу үшін және Қазақстан аумағы арқылы Ресей мұнайын ҚХР бағытына тасымалдау үшін жасалынды. Орындалған жұмыстар нәтижесінде бүгінде ТОН-2-нің өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаға дейін жеткізілді. Жалпы, ТОН-2 мұнай құбырын күрделі жөндеу жобасы аясында 185,6 шақырым құбыр желісі ауыс­тырылды. Бұл осы халықаралық көлік тармағының тасымал­дау мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтатын болады.  

Адам ресурстарын дамыту

Биылғы жылы мұнай құбыры жұмыс­шылары кәсіби тұрғыдан және спорт­тық жарыстарда да жетістіктерге жетті. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың бес жұмысшысы «ҚазМұнайГаз» компаниясының Ақтау қаласында алғаш өткізген «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік сайысында өз мамандықтары бойынша жеңімпаз атанды. Компанияның мыңдаған адамнан тұратын ұжымы өздерінің әріптестері Даулен Жапарханов, Зинаида Дәулетова, Дастан Қаныбаев, Жанат Ертасов және Артур Сладковтың мұнай-газ саласындағы үздік кәсіби шеберлер конкурсында жеңіске жеткеніне шын жүректен қуанды. 2016 жылы қыркүйекте Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиа­дасында спорт алаңында мұнай құбыры қыз­меткерлері керемет нәтиже көрсетті. Спар­такиада 9 спорт түрі бойынша өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» компаниясы­ның 30 ұйы­мынан 500 қызметкер қатыс­ты. «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері жеке сайыстарда да және командалық жарыс түрлерінде де саны жағынан жүл­­делі орындарға ие болды. Сөйтіп, жалпы­­ко­ман­далық есепте бірінші орын­ды жеңіп алды. Спортшылардың жетіс­тік­тері мұнымен шектеліп қалмады – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың құрама командасы Мәскеуде өткен Ресей Федерациясы және ТМД елдерінің мұнай-газ саласын­дағы кәсіпорындары ара­сындағы Табиғи қорлар кубогында ми­ни-футбол бойынша екінші орынды иеленді. 2016 жылы компанияда кәсіподақ қозғалысының белсенді дамуына жол ашылды. Оның қызметі компания қыз­меткерлері мүддесін қорғауға және ұсы­ну­­ға бағытталған. Бүгінде орталық ап­па­­ра­тта және «ҚазТрансОйлдың» бар­лық 4 филиалында, Қазақстанның бүкіл облыстарында орналасқан құры­лым­дық бөлімшелерінде қызмет­кер­лер­дің кәсіп­одақ ұйымдары құрыл­ған, кәсіподақ коми­теттерінің төраға­лары сайланған. 27 желтоқсанда орталық аппаратпен оған қарасты филиалдардың қызметкерлердің өкілдері арасында келісімшартқа қол қойылды. Мұндағы мақсат – «ҚазТрансОйл» АҚ қыз­меткерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету. Басқаша айтсақ, «ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жаңа жылға үлкен жетістіктері­мен және жоспарларымен кіреді. Ком­пания­ның магистралды мұнай құбы­ры жүйе­лері арқылы үздіксіз мұнай тасы­ма­лын қамтамасыз ете отырып, жаңа бағыт­тар ашып, нысандар салып, өз ұжымы және еліміздің аймақ­тағы тұр­ғын­дары­ның әлеуметтік қана­ғат­­тануына қамқор­лық жасай отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші өнер­кәсіп арасындағы, шикі­зат және индустриал­дық аймақтар ара­сын­дағы байланыс­тырушы буын бола оты­рып, еліміздің біре­гей транзиттік мүм­кін­діктерін жүзеге асырып отырған тәуел­сіз­діктің мықты тасыма­л тамырына айналды. Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»