• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Биатлоннан ел чемпионаты аяқталды

154 рет
көрсетілді

«Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде биатлоннан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл 2017 жылы Алатау баурайында алауы тұтылатын қысқы Универсиада қарсаңында ұйымдастырылған тесттік жарыс болып есептеледі. Еліміздің әр аймағынан жиналған 100-ге жуық спортшылар төрт күн бойы өзара мықтыны анықтады. Кеше жарыс жолына шыққан спортшылар эстафета 2х6км әйелдер, 12х7,5 км ерлер бағдарламасы бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, қыздар арасындағы бәсекеде Анастасия Кондратьева (19;12), Марина Ходкова (20;20), Алина Райкова (18;29) және Анна Кистанова (21;41) жалпы 79:42 көрсеткішпен жеңіс тұғырынан көрінді. Дарья Усанова (18;36), Александра Салина (23;12), Ксения Долгополова (23;12) және Ульяна Куркина (26;57) тобы (90;30) екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 92:30 көрсеткішімен Галина Вишневская (17;29), Оксана Чулкова (23;03), Александра Авдонат (26;40) және Кристина Шмитд (25;18) түйіндеді. Юниорлар арасында (3х6 км) Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Евгения Красикова (21;01), Ангелина Борисова (22;06) және Елизавета Бельченко (20;57) алтынға қол жеткізсе (64;04), Людмила Ахатова (20;20), Арна Касенова (27;46), Кристина Титиевская (24;01) күміс жүлде алды. Олардың жалпы көрсеткіші 72:07. Ал Арина Шешукова 22;49, Вероника Кулакова 24;29 мен Анастасия Витенко 25;32 жеке уақыт нәтижесін көрсетті. Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 89;39 көрсеткішімен жеңіс тұғырынан көрінді: Александр Трифонов (29;08), Вадим Юшин (17;52), Владислав Витенко (20;35), Ян Савицкий (22;04). Максим Браун (20;41), Вячеслав Морозов (25;13), Тимур Куц (21;47) және Антон Пантов (22:50) жалпы 90,31 есебімен екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті Ақмола облысының спортшылары қорытындылады (92,38): Тимур Хамитгатин (22;51), Сергей Сирик (23;06), Арман Султанов (23;09) мен Петр Ермоленко (23;32). Юниорлар арасында 97;14 көрсеткішімен алтын алқаны Дмитрий Колесников (22;10), Ильдар Хамитов (23;53), Максим Савицкий (23;56) мен Руслан Давлетов (27;15) жеңіп алса, Эдуард Афони (26;24), Роман Пушкарев (23;17), Павел Паньшин (25;04) және Дионис Родунер (25;14) 99:59 нәтижемен күміс алқаны тақты. Семен Вдовин (25;16), Евгений Тюлегенов (24;11), Кирилл Бауэр (24;07) және Кирилл Бауэр (жеке-26;57) 100:31 ортақ есеппен қола жүлдегер атанды.