• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі тағайындалды

195 рет
көрсетілді

Ведомствода хабарлағандай, бұл лауазымында М. Нұрғожин Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің даму мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Марат Нұрғожин 1957 жылы 30 маусым күні дүниеге келген. 1980 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін үздік бітірген, техникалық ғылымдар докторы, профессор. Еңбек жолын Қарағанды политехникалық институтында бастап, онда кіші ғылыми қызметкерден бірінші проректорға дейін өскен. 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің департамент директоры лауазымына тағайындалды. Түрлі жылдары аппарат басшысы, ҚР БҒМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы, «Самғау» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі секілді лауазымдарын атқарған. 2008 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті, 2013 жылдың тамызында – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президентінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. М. Нұрғожин белсенді ғалым, 250-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың, монографияның, оқулықтың және оқу әдістеменің, патенттің, авторлық куәліктің және зияткерлік меншік туралы куәліктің авторы. ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалуына дейін М. Нұрғожин «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Президенті лауазымын атқарды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен: «Кұрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, мерейтойлық медальдармен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы жетістіктері үшін» төсбелгілермен марапатталған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 350 Жарлығына сәйкес құрылды. Осы күнге дейін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері лауазымдарына ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелеріне жетекшілік ететін Голобурда Дмитрий Васильевич (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қарашадағы № 702 Қаулысы) және жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру мен дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру мен орындау мәселелеріне жетекшілік ететін Рамазанов Арман Қайырбекұлы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 707 Қаулысы) тағайындалды.