Қазақстандағы Toyota компаниясының ресми өкілдігі Fortuner маркалы көлігінің өндірісі тоқтатылғанын хабарлайды, деп жазады kolesa.kz.
13 желтоқсан күні ақырғы көлік құрастырылып, одан бері өндіріс болмаған. Тиісінше, бұдан былай елге аталған көліктің бөлшектері әкелінбейді.
Өндірістің тоқтауына түрткі болған себептердің бірі ҚР техникалық регламеніне Fortuner маркасы сертификатының ескіруі. Аталған көліктің қазіргі сертификаты 2017 жылдан бастап күшін жояды. Ал сертификатты ұзарту үшін көлікті жедел қызметті автоматты шақыру жүйесімен жарақтандыру технологиясын енгізу керек.
Сонымен қатар аталған көліктің саудасы да оншалықты қарқынды болмағаны айтылады.