• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

Алматыда ішкі істер департаментіне автокөліктер берілді

138 рет
көрсетілді

Алматыда ішкі істер департаментіне автокөліктер кілтін табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен жылмен салыстырғанда биыл құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық жабдықтауына қаражат екі есе көп жұмсалды. Келесі жылы ІІД бюджеті тағы 25% өсіп, 17 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы 97 дана жаңа қызметтік автокөлік сатып алынса, биыл Универсиадаға дайындық аясында қала бюджеті есебінен тағы 118 дана автокөлік, газбен жүретін орта кластық автобус алынды», – деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, 2017 жылы 2 млрд теңгеге газбен жүретін қосымша 250 көлік алынады. Осылайша, ІІД автопаркі толық жасақталады, бұл мекеме жұмысының шапшаңдығына ықпал етеді. Бүгін мекеме өкілдеріне 118 автокөліктің кілті табыс етілді: 107 Kia Cerato жеңіл көлігі, 5 ПАЗ-32053 автобусы және 6 дана ГАЗ-2705 арнайы техникасы. Аталған көліктер жергілікті бюджет есебінен алынды. Көліктердің Қазақстанда құрастырылғанын да атап өткен жөн. «Сыбайлас жемқорлық қаупін азайту үшін жергілі полиция қызметкерлерінің тең жартысы бейнетіркеуішпен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, келесі жылы парктер, саябақтар, алаңдарға бейнекамералар орнату және ІІД жедел басқару орталығын жаңарту жобасы басталады», – деп түйіндеді әкім.