• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
28 Желтоқсан, 2016

"Егемен" қызметкерлері балаларына жаңажылдық кеш өтті

302 рет
көрсетілді

Бүгін «Егемен Қазақстан» газеті қызметкерлерінің балалары мен немерелеріне арналған дәстүрлі жаңажылдық кеш өтті. Ол Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма тетрында ұйымдастырылды. Бұл жаңажылдық шыршаға 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Тақпақ айтып, Аяз Атадан түрлі сыйлықтар алған балдырғандарға шара барысында түрлі ойындар да ұйымдастырылды. «Егемен» ұйымдастырған бұл шырша бұған дейінгі жаңажылдық мерекелерінен өзгешелеу болды десек те болады. Өйткені, бұл жолы балдырғандарға жаңажылдық сыйлықтардан бөлек, танымал ертегі – «Күлше қыздың» қойылымы ұсынылды. Бұл қойылымда Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының майталман әртістерінің ойнауы жаңажылдық кештің мән-маңызын арттыра түскендей болды. Жалпы, жаңа жыл мерекесін ересектерге қарағанда сәбилер асыға күтеді. Олар аталған мереке жақындай түскенде ерекше дайындала бастайды. Әсіресе, жаңажылдық шыршаның жанында қол ұстасып ән айту, би билеу сәбилер үшін ерекше бір ғанибет. Бұл сәттер, әрине, балалардың ұзақ уақытқа тәтті елес болып қалып қояды. Ал ата-аналар үшін баласының қуанғанын көру – бір бақыт. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Суретерді түсірген Ерлан ОМАРОВ