Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ҰҚК баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқаттар қызметтік тұлғаларына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
"Жедел-тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 185-бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362-бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы аталған тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының тәртібінде ҰҚК уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Күдіктілер мен олардың туыстарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тінту жұмыстары жүргізілді, заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жалғасып жатыр, оның барысы мен қорытындысы қосымша хабарланады екен.
Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.