• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Алина РАЙКОВА, биатлоншы: «Шабыттың да шырқау шегі бар»

171 рет
көрсетілді

Сейсенбі, 27 желтоқсан күні «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде Қазақстанның биатлон чемпионаты аяқталды. Бұл Универсиада алдындағы тестік жарыстар болып табылады. Осынау чемпионаттың нәтижесінде Қазақстан биатлон құрамасы жасақталды. Аталмыш команда өз еліміздің төрінде өткелі отырған студенттік аламанда ел намысын қорғайды. Осы жарыста отандасымыз Алина Райковадан күтетініміз көп. Биатлон бәйгесі басталған кезде жанкүйерлердің назары Алинада болатыны сөзсіз. Көкшетау өңірінің тумасы Алина бұған дейін 2015 жылы өткен қысқы Универсиада кезінде  15 шақырымдық қашықтыққа созылған жеке шаңғы жүгірісінде «алтыннан» алқа таққан. Осрбльеде топ жарған Алина РАЙКОВАНЫ ұлттық чемпионаттан кейін тауып алып, «Егемен Қазақстан» атынан бірнеше сұрақ қойған едік. − Универсиадаға бар күшімізді салып дайындалып жатырмыз. Жақсы нәтиже көрсететін шығармыз деп үміттене­міз. Біз үшін бүкіл еліміз, барша Қазақ­стан, тіпті туған-туысқандарымызға дейін тақымдарын қысып отыратынын білеміз. Сондықтан сенімді ақтауымыз керек. − Биылғы жарыстар маусымы сіздің спорттық мансабыңыздағы ең күрделі кезеңі сияқты... − Шындығында биылғы жарыс кес­телері өте тығыз. Алды­мен Универсиада өтеді. Одан кейін әлем чемпионаты күтіп тұр. Іле-шала Жапонияда қысқы Азия ойындары басталады. Әрине, күрделі әрі жүйке ширықтыратын маусым. Өйткені, 2018 жылы өтетін Олимпия ойындарына қалай болғанда да жолдама алуымыз қажет. Универсиада мен Азиада кезінде өте жоғары көрсеткішке қол жеткізбесек болмайды. Демек, бұл жүлде үшін ғана талас емес. Елдің атақ-абыройы, намысы біздің мойнымызда. Ал жарыстар­дың басталуына қарай, жаттықтырушы­лар тобы әр спортшының мүмкіндігі мен жағдайын бақылап отырады. Осы­дан кейін бабына қарай қай спорт­шы қай спорт түрі бойынша жарыс­қа қатысатындығы жөнінде шешім қабылдайды. − Сіз маусым мәресінен-ақ Әлем кубогы жарыстарына қатысып келесіз. Шамаңызды өзіңіз де байқап отырған боларсыз? − Шынымды айтсам, маусым мен үшін аса сәтті басталған жоқ. Маған талай «тәж» кидірген жеке са­йыс­тар болатын. Бұл жағынан аса көңіл көншітерліктей нәтижелер көрсете қоймадым. Жеті рет айып ұпайын алып қалдым. Одан кейін Словениядағы Поклюк эстафетасына дайындалуым керек еді. Осыдан кейін спринтті жүгіріп өтіп, жүлде аймағына жетіп, 30-орынға тұрақтадым. Бұл да жаман емес. Әлде де нәтижелерім жақсара түсетіндігіне сенемін. Бірақ тағы да атап өткім келеді, біз үшін ең басты мәре – «өз үйімізде» өтетін Универсиада. − Сіз де, біздің Қазақстан биатлон коман­дасы да «Алатау» шаңғы-биатлон кешенін бес саусағындай біледі. Қалай болғанда да, бұл бәсеке­лес­термен жарыс жолына түскен кезде кәдімгідей жеңіске жетелейтін артықшылық болуы керек қой? − Мұны мен үлкен артықшылық деп есептемеймін. Бәрі де спортшылардың бабына байланысты, дайындықтарға тәуелді. Спорттық шабыттың шырқау шегі деген болады. «Алатау» кешені әдет­тегідей биіктікте орналасқан. Және жарысқа қатысатындарға бірдей жағдай жасалады. Бұл биіктік әр спортшыға әр­түрлі бағынады. Сол сияқты климатқа бейімделу қалай өтеді, мұның да үлкен әсері бар. Бірақ қалай дегенде де, өз еліңде өтетін бәсекенің көмегі мен қолдауы болады. Біз мықты нәтиже көр­сету үшін бары­мызды саламыз. − Сіз қазір он­сыз да жеке жа­рыс­­­­тар бо­­­­йын­­­­ша Уни­­вер­сиа­да же­ңім­па­зы іс­­пет­ті­сіз. Сал­­­­­мақ сіз­ге кө­бі­­рек түсе­тін­дей... − Әрине, оған сөз бар ма! Пси­­хо­логиялық қысым бар, оны жасыр­май­мын. Бірақ алдын ала қандай да бір болжамдар жасап, көтерме жоспар құрып, былай болады деп айтқым келмейді. Қазір біз штаттық режімде дайындалып жүрміз. Нәтижесін көре жатармыз. Дегенмен, бар күшімізді салып, жанкүйерлеріміздің көңілінен шығуға тырысатынымыз сөзсіз. Мен алдынғы Универсиададағы жеңісімді қайталағым келеді. Әңгімелескен Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ