• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Еліміздің АҚШ-тағы Тәуелсіздік монументіне 10 жыл

299 рет
көрсетілді

Үздіксіз даму үстіндегі еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары, тарихи күндері, жемісті істері жайлы зор мақтанышпен айта да, жаза да береміз. Сондықтан да осы Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңына тұспа-тұс келіп отырған бірқатар мерейтойларға тоқталып өтсек әбестік болмас. 25 жыл бұрын 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров көкке көтеріліп, 10 қазан күні Жерге сәтті оралды. Бұл тарихи оқиғаның артынан қазақ халқы Тәуелсіздіктің туын көтерді. Т.Әубәкіров бір сұхбатында: «Мен Кеңес одағының ең соңғы 72-ші ғарышкерімін. Мен жерге қондым, менен кейін 16 мемлекеттің ең соңында қалған Қазақстан да өз Тәуелсіздігін алды. Әрине, бұл – тарихи және бір-бірімен өте сәйкес келген сәт. Бұған дейін қалған 14 мемлекет еншілерін алып, Одақ құрамнда Ресей мен Қазақстан ғана қалған болатын. Мен ұшпасам да Қазақстан өз Тәуелсіздігін алатын еді. Себебі, мен ұшуға дайындалып жатқан кездің өзінде Қазақстан Тәуелсіздіктің алғышарттарын дайындап қойған», – деді. Вашингтон қаласындағы Қазақстанның Тәуелсіздік монументінің ашылуына да 10 жыл толып отыр. 2006 жылғы 28 қыркүйекте Мемлекет басшысы Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарында Вашингтонда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументінің ресми ашылу рәсіміне қатысқан еді. Сонда Елбасы: «Қазақстан мен АҚШ тарихында бүгін ерекше бір көңіл толқытатын күн. Тұңғыш рет біз Қазақстанның Тәуелсіздік монументін шет елде ашып отырмыз. Егемен Қазақстанның символына айналған осы ескерткіштің АҚШ астанасында бой көтергенін мақтан тұтамыз. Халқымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысын сипаттайтын осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты берік достық, ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік біріктіретінін білдіріп тұратын болады», – деген болатын. Сондай-ақ, биыл – Семей сынақ аймағының біржола жабылғанының да 25 жылдық мерейтойы. 1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» тарихи Жарлыққа қол қойды. Қазақстан әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан тұңғыш ел атанды. Ал 29 тамызды БҰҰ Қазақстанның бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні деп белгіледі. Осы тұста ұлы ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойын, сондай-ақ ақ күріштің атасы атанған еңбек майталманы, ірі және бірегей тұлға, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойын да атап өткен жөн. Өйткені, Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасының 88-қадамында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын жүзеге асыру көзделген. Ол Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың табыстарының дербес тарихын ескере отырып, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеяларын ілгерілетуге, индустрияландырудың және «Қазақстан–2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктердің қатарына  халықаралық бастамалардың бірден-бірі – Қазақстанның 70-тен астам халықаралық ұйымдарға мүше болуын әрі әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуын айтар едік. Ұзақ мерзімді басым мақсаттарға арналған бағдарлама «Қазақстан–2050» стратегиясы мемлекеттің жаңаруына жол ашады. Айгүл Махамбетова, Заңнама институтының кіші ғылыми қызметкері