• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Қайрат Мәми: Биылғы жұмысымыз нәтижелі болды

217 рет
көрсетілді

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінің 2016 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарт. Қ.Мәми 2016 жыл сот жүйесі үшін өте табысты болғанын атап өтті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберіндегі соттардың жетістіктері туралы айта келе, ол Ұлт жоспарында көзделген барлық ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралардың орындалғандығына тағы да баса назар аударды. Осылайша, заң мен құқық үстемдігі қағидатын іс жүзінде неғұрлым жүйелі орындау тұрғысынан сот жүйесі мен заңнаманы реформалау мүмкін болды. Осы орайда Қ.Мәми: «Бұл жұмыстар сот төрелігін жүзеге асырудың сандық және сапалық көрсеткіштеріне, халықаралық рейтингтегі сот жүйесінің орнына және ең бастысы, азаматтар құқықтарының сотта қорғалуының жай-күйі мен деңгейіне жағымды әсер етті», - деді. Ол Жоғарғы Соттың жалпы отырысының биылғы жылғы жұмысы нәтижелі болғанына тоқталды. Биыл барлығы 15 отырыс өтті. Сот жүйесі туралы Конституциялық заңда көзделген жалпы отырыстың барлық құзыреті, соның ішінде төралқаны, Сот жюриінің құрамын, Халықаралық кеңесті, Ғылыми-консультативтік кеңесті құру, олардың қызметінің құқықтық базасын қабылдау мен жаңарту бойынша қызметі іске асырылды. Осы жылы алғаш рет судьялар облыстық соттың судьясы лауазымын иелену тұрғысындағы ұсынымдар мәселесі бойынша облыстық соттардың (Павлодар және Қостанай) жалпы отырыстарының қорытындыларына шағым түсірді.  Сот практикасын жетілдіру және оның біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы сот практикасының көптеген өзекті мәселелері бойынша 16 нормативтік қаулы қабылданды (мәселен, өткен жылы 8 нормативтік қаулы қабылданған болатын). Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми: «Бұл жетістіктің барлығы жақсы, бірақ біз осымен тоқтап қалмауымыз керек. Бізді алда күрделі жұмыстар мен жаңа міндеттер күтіп тұр», - дей келе, мүмкіндікті пайдаланып, отырысқа қатысушыларды алдағы Жаңа жылмен құттықтады