• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

«Егемен Қазақстан» газетіне «Намыс» төсбелгісі тапсырылды

752 рет
көрсетілді

Бүгін «Егеменнің» редакциясына арнайы келген Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл ұжымды батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапаттады. «Елге сүбелі еңбек сіңірген, қалам ұстаған, елдің намысын, рухын көтерген, ынтымаққа шақырған «Егемен Қазақстан» ұжымына осы төсбелгіні куәлігімен табыстаймын. Рухты биік ұстап, ел деп, жер деп жүре беріңіздер!», - деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар Бақытбек Смағүл «Егемен Қазақстан» кітапханасына Бауыржан Момышұлының «Қаһарман», Ауған туралы «Тағдыр тозағы» деген кітаптарын, Сабыр Рақымовтың Ұлы отан соғысының 70 жылдығына  арнап шығарылған деректі фильмін сыйға тартты.