Сирияда қақтығысып жатқан қос тарап елдің аумағындағы атыстарды тоқтату туралы келісімге келіп, бейбіт келіссөздер жасасуға дайын, деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Бүгін, бірнеше сағат бұрын, барлығымыз ұзақ күткен және сол үшін көп жұмыстар атқарған оқиға орын алды» деген хабарлама қазір келді. Үш құжатқа қол қойылды. Бірінші құжат - сириялық үкімет пен қарулы оппозицияның арасында Сирия-Араб республикасының аумағындағы атыстардың тоқтатылуы туралы. Екінші құжат - атысты тоқтату режімін қадағалау бойынша шаралар кешені. Үшінші құжат - сириялық реттелу бойынша бейбіт келіссөздерді бастауға дайын екендіктері туралы мәлімдеме», - деді Путин СІМ және Қорғаныс министрлігінің басшыларымен кездесу барысында.