• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Желтоқсан, 2016

Ресей, Түркия, Иран Сирия бойынша келіссөзге дайындықты бастады

188 рет
көрсетілді

Ресей, Түркия және Иран Астанада өтетін Сирияға қатысты кездесуге әзірлікке кірісті, деп хабарлады РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей президенті Владимир Путин және Қорғаныс министрлігінің басшысы Сергей Шойгумен кездесуде. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «Біз қазір түріктермен, ирандықтармен Астанада өтетін кездесуге дайындыққа кірісіп жатырмыз», - деді Лавров. Бейсенбіде Путин үш құжатқа қол қойғанын хабарлады: біріншісі - Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция арасында САР аумағында атысты тоқтату туралы: екіншісі - атысты тоқтату режімін бақылау бойынша шаралар кешені; үшіншісі - Сириядағы жағдайды реттеу бойынша бейбіт келісімнің басталуына әзірлік туралы мәлімдеу. Бұдан бұрын Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сириядағы соғысып жатқан тараптарға Астанадағы жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну туралы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, жаңа алаң женевалық келіссөздерді толықтырады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путинмен және Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесуі барысында бұл бастаманы қолдап, Астананың мұндай келіссөз өткізу алаңын ұсынуға әзір екендігін хабарлаған.