• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2016

30 желтоқсанға арналған ауа райы

230 рет
көрсетілді

30 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты қар, тұман, көктайғақ, жел күшейеді. Тек қана еліміздің батысында ғана жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с  күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман,  көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді,  түнде  оңтүстік-батыс облыстарында жел екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ,  түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.