БҰҰ-ның жаңадан сайланған Бас хатшысы Антонио Гуттереш АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Бұған дейін Трамп Біріккен Ұлттар ұйымын реформалау керек деп мәлімдеген еді, деп хабарлады centralasian.org.
Қызметіне 1 қаңтарда кірісетін Гутерриш тез арада Трамппен ақылға қонымды диалог орнатқысы келетінін айтты.
«Онымен кездесуге мен мүдделімін. Құрама Штаттар БҰҰ-ның басты доноры ғана емес, ұйымның басты элементтерінің бірі», - деді ол.