• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
30 Желтоқсан, 2016

Электронды үкімет биыл 40 млн қызмет көрсетті

190 рет
көрсетілді

2016 жылы Қазақстанның электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы азаматтарға 40 млн.астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осы уақытқа дейінгі жылдарда көрсетілген жалпы қызметтер саны 160 млн.-нан асқан, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Баспасөз қызметі. Биылғы жылы сұранысы жоғары болған қызметтер - мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар немесе ауыртпалықтар туралы анықтама, сондай-ақ  «Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама. Сонымен қатар, қазақстандықтар eGov порталы арқылы онлайн төленетін салықтар мен айыппұлдар сияқты қызметтердің қолайлылын бағалайды. Бұған онлайн төлемдерге деген сұраныстың артуы дәлел. Ағымдағы жылы Қаңтардың 1-і мен желтоқсанның 25-і аралығында электрондық үкімет төлем шлюзінің көмегімен 13 млрд. теңгеден  астам сомаға төлемдер жүргізілген. Бұл көрсеткіш былтырғы жыл бойынша өткен жалпы төлемдерден 32,5%-ға артық. Порталда онлайн төлеу қызметі қосылғаннан бері барлық төлемдердің сомасы 28 млрд. теңгені құрайды. Естеріңізге салсақ, 2016 жыл eGov порталы үшін мерейтой жыл болды – электрондық үкімет ресурсының іске қосылғанына тура 10 жыл толды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша анықтамалық қызмет көрсететін Қазақстанның 1414 Бірыңғай байланыс орталығы 5-жылдығын атап өткен болатын. Биылғы жылдың тағы да бір маңызды жетістігі Ашық үкімет порталдарының іске қосылуы болды. Бүгінгі таңда тұтынушылар 4 негізгі компоненттен тұратын ресурстарды пайдалана алады. Олар - «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер» және «Ашық диалог». Өз кезегінде  «Ашық диалог» порталы мемлекеттік органдардың бірінші жетекшілерінің блог-платформасын қамтиды. Бүгінгі таңда «Ашық деректер» порталында мемлекеттік органдармен машина оқитын форматта 2100-ден астам ашық деректер жинақтары орналастырылған. «Ашық НҚА» ресурсында талқылауға салынған құжаттар жобаларының саны 7200-ден асса, «Ашық бюджеттер» порталында олардың саны 5200-ден асады. Мемлекеттік органдардың жетекшілеріне «Ашық диалог» арқылы жыл басынан бері 17 мың өтінім түскен. Сондай-ақ елімізде «Ашық деректер» порталындағы ақпарат незігінде қосымшалар мен сервистердің бірқатар байқауы ұйымдастырылды. Аталған шаралар шеңберінде отандық бағдарламашылар 10-нан астам мобильдік қосымша мен веб-сервисті жасады.