• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

«Ала таяқтың» ақыры

164 рет
көрсетілді

2017 жылдан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кү­зетте жүру кезіндегі ережелері өз­ге­реді. Бұл туралы Орталық комму­никациялар қызметінде өткен бас­пасөз конференциясында Ішкі іс­тер министрлігі әкімшілік полиция ко­митеті төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Кеңесбаев мәлім етті. Оның айтуынша, Ішкі істер министр­лігі ішкі істер органдарының жол жүрісін қадағалау кезінде автопатрульдеу әдісіне толықтай көшуіне, сондай-ақ, жалпы, жол жүрісі қағидалары бұзушылықтарының үштен бірін анықтауға мүмкіндік беретін фото және бейнетіркеудің барлық жерлерде енгізілуіне байланысты 2017 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап полиция қыз­меткерлерінің таяқшаларды қол­дан­байтыны туралы шешім қабылдады. «Көлік құралдарын тоқтату пат­руль­дік автокөлікте орналастырылған ар­найы дыбыс және жарық сигналдары, дауыс зорайтқыш жабдықтар арқы­лы жүзеге асырылатын болады. Кей жағд­айларда (ЖКО, ТЖ, кептелек жағ­дайларында) көлік құралдары қол қимылымен және бір мезгілде ысқыру арқылы тоқтатылатын болады», – деп атап өтті Ә. Кеңесбаев. Сондай-ақ, ол кейбір әкімшілік құ­қық бұзушылықтарға салынатын айыппұлдардың мөлшері азаюы мүмкін екенін жеткізді. «Жол ережесін өрескел бұзу мен жол-көлік оқиғасының басты себептері болып табылатын әкімшілік құқық бұзу­шылыққа қатысты айыппұл мөлшері азаймайды. Бүгінгі таңда Әділет министр­лігі жанынан құрылған жұмыс тобы әкімшілік заңнама нормаларын жетіл­діру жөнінде жұмыс істеп жатыр. Сол жұмыс тобының аясында жол-көлік оқиғасына әкелмейтін кейбір әкім­шілік құқық бұзушылықтарға салынатын айып­пұлдардың мөлшерін азайту мәсе­лесі қарас­тырылуы мүмкін», – деп мәлім етті комитет төрағасының орынбасары. Айта кетейік, жаңа ережелер АҚШ, Батыс Еуропа елдері және өзге де шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін ескере отырып енгізілген. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»