• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

Жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланады

258 рет
көрсетілді

Облыстың барлық елді мекен­дері телефон байланысымен және интернетпен қамтылған. Алайда, жыл сайын байланыс қызметіне деген сұраныс та арта түсуде, ауыл­дықтар жоғары сапалы бай­ланыс қызметінің кең спектрін пайда­лан­ғысы келеді. Осыған байланыс­ты ауылда телекоммуникация желі­лерін жаңғырту жұмыстары жүйе­лі жүргізілуде. «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы өңірде теле­коммуникация желілерін жаң­ғыр­ту мен дамыту бойынша жұ­мыс­тарды жалғастыруда. Жақын­да Миялы (Атырау облысы), Ойыл (Ақтөбе облысы) учаскесінде жаңа байланыс қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл Ойыл ауылында ұсынылатын байла­ныс қызметтерінің сапасын арт­тыру­ға мүмкіндік берді. «Опера­тор­лық қосылулар үшін желі ресурс­тарын кеңейту» жобасы ая­сын­да «Миялы-Ойыл» учас­кесін­де Pasolink 400 сандық радио­релелі желі орнатылды. Жаңа бай­ланыс қондырғысы деректерді берудің өткізу қабілетін 400 Мбит/с-ке дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Атал­мыш жобаны жүзеге асы­ру бөг­де опе­ра­торларға ұсыны­ла­тын арна­лардың өткізу қабілетін ке­ңейтуге алғышарт жасайды және жаңа қажеттіліктерді қана­ғат­тандыра алады. Жаңа қондырғыны іске қосу абоненттерге ұсынылатын интер­нет желісіне кең жолақты қосылу қыз­метінің сапасын жақ­сарту­ға және Ойыл ауылында жоғары жылдамдықты интернет­ке жаңа пайдаланушыларды қосу­­ға мүмкіндік береді. Жүр­­гі­зіл­­­ген жұмыстар нәти­жесін­де «Megaline Hit» тарифтік жос­пары­­ның деректерді беру жылдам­дығы бекі­тіл­ген 4096 Кбит/с жыл­дам­­ды­ғымен сәйкестендірілді. Теле­­­ком­му­никация желілерін жаң­ғыр­ту және дамыту бойынша Ойылда жүргізілген жұмыстар «WLL CDMA-450» технологиясы бойын­ша сымсыз байланыс сапа­сын жақсартуға да ықпал етті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ,  «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы