• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

Ыстанбұлда қарулы шабуылдан 35 адам қаза тапты

141 рет
көрсетілді

Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Reina түнгі клубына шабуыл жасалып, кем дегенде 35 адам қаза тапты. Сондай-ақ, 40-тан астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. «Бұл теракт. Жаңа жыл мерекесін көңілді қарсы алуға жиналғандарға аяусыз оқ жаудырды. Мерт болғандардың біреуі – полиция қызметкері», – деді қала мэрі Васип Шахин. Ортакей ауданында орналасқан ғимаратқа Аяз атаның киімін киген белгісіз екі адам қарулы шабуыл жасады. Reuters агенттігінің ақпарына сәйкес, бұл жергілікті уақыт бойынша 01:15 кезінде орын алған. Түркияның NTV телеарнасының мәліметі бойынша, түнгі көңіл көтеру орнында 800-ге жуық адам болған. Қазіргі уақытта оқиға орнына ондаған жедел жәрдем және полиция көліктері жіберілді. Айта кетейік, 11 желтоқсан күні Ыстанбұлда «Бешикташ» пен «Бурсаспор» командаларының арасындағы матчтан кейін Vodafone Arena стадионының маңында жойқын жарылыс болған. Салдарынан 40-қа жуық адам опат болып, 155 тұрғын жарақат алған.