• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2017

Оңтүстік Кореяда алып робот жасалды

368 рет
көрсетілді

Голливуд фильмдеріндегі алып роботтарды енді тек көгілдір экраннан ғана емес, шынайы өмірде де кездестіруге болады, деп жазады «»Хабар 24». Оңтүстік Кореяның өнертапқыштары адам тәріздес құлтемір жасап шығарды. Ол адамның айтқанын мүлтіксіз орындап, қолдарын қозғап, жүре алады. Оны қашықтан басқаруға да болады. Ал роботтың Голливуд киноларындағы трансформер мен терминаторға ұқсастығы тегін емес. Себебі, оның дизайнын осы фильмдерде суреттердің сызбасын салған маман дайындаған. Жоба келесі жылы қолданысқа еніп, оның құны 8,5 млн долларға дейін бағаланады. «Біз жасаған робот кино саласы мен ойын-сауық алаңдарында қолданылады. Сонымен қатар құлтемірді қара күшті қажет ететін өнеркәсіп пен құрылыста да пайдалануға болады. Әскери өндірістерден де тапсырыс түсіп жатыр», - дейді Hankook Mirae Technology басшысы Ян Джин Хо.