• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

2 қаңтарға арналған ауа райы

174 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, елдің оңтүстік бөлігінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын соғады деп күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с-ға дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.  Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай облысында бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді , түнде тұман болады. Жамбыл облысының  кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.