• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

Бокстағы жылдың ең қызық оқиғасы анықталды

183 рет
көрсетілді

Boxinghypestore.com сайты 2016 жылды қорытындылай келе, қызық бір оқиғаны хабарлады, деп жазады sports.kz. «2016 жылдың ең таңғаларлық оқиғасы - 18 мамырда Сауль «Канело» Альварес орта салмақтағы WBC белбеуін еш қарсылықсыз Головкинге бергені» деп жазады басылым туиттердегі парақшасында. Айта кетейік, 2016 жылдың 8 мамырында Сауль Альварес (48-1-1, 34 КО) қарсыласы Амир Ханды (31-4, 19 КО) нокаутқа жіберіп, рингте қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жұдырықтасуға шақырған еді. Дегенмен, 19 мамырда бұл кездесуден бас тартып, белбеуі Головкинге берілді. Ал қос боксшының арасындағы айқас осы жылдың қыркүйегіне жоспарланып отыр.