• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Қаңтар, 2017

Air Arabia əуе компаниясының Астана-Шарджа рейсі кейінге шегерілді

156 рет
көрсетілді

Air Arabia авиакомпаниясының Астана-Шарджа рейсі кейінге шегерілді. Бұл туралы ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің басшысы Марат Иғали өзінің Фейсбуктағы парақшасында хабарлады. «Бүгін Астана әуежайында көлік прокуратурасы қызметкерлерімен бірге кейінге шегерілген Arabia авиакомпаниясының Астана-Шарджа рейсі жолаушыларымен кездесіп қайттық. Жағдайды түсіндірдік. Барлық сұрақтарына жауап бердік» деп жазды ол әлеуметтік желіде. «ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаменті ҚР Сыртқы істер министрлігімен үнемі байланыста. Біздің дипломаттар арабиялық әріптестерімен тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр» деген мәлімет келтіреді Марат Иғали. Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ 170 жолаушы Астанадан БАӘ-ге ұша алмай отырғанын хабарлаған болатын.